"Денсаулық фестивалі"
Елбасы Жолдауында «Дене шынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс. Нақ сол салауатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады» делінген. Осы орайда 2016 жылдың 17 қыркүйек күні мектеп көлемінде денсаулық фестивалі ұйымдастырылды. Фестиваль жоспары жасалып, жоспар бойынша іс-шаралар өткізілді. Іс-шара мақсаты қоғамның, халықтың кең ауқымды салауатты өмір салтын жүргізуге назар аударту болғандықтан, мектебіміздің оқушылары, ұстаздары белсене қатысып марапатталды.